Баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет хабарлағандай, Іле ауданында «Рассвет» саяжай массивінде орналасқан дүңгіршекке ойыншық тапаншамен шабуыл жасаған екі жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр.
Оның айтуынша, 7-ші мамырдан 8-ші мамырға қараған түні беттеріне маска киген екі азамат дүңгіршекке шабуыл жасап, Т10 мың ақшаны, жалпы сомасы Т125 мыңдық арақ-шарапты иеленіп кеткен.
«Оқиғаның ізін суытпай полицейлер Іле және Талғар ауданының екі азаматын қолға түсіріп, олардан ұрланған тауарлар мен ойыншық тапанша тәркіледі», — деді К. Нұрахмет.
Күдіктілер жергілікті АІІБ абақтысына жатқызылды.