Алматы облысында Сарқанд ауданында табиғи өрт сөндірілді, деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның ТЖМ.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, қураған шөп Қарашығанақ селолық округіндегі Наушабай телімінде 21-қыркүйек күні астаналық сағат 17:28-де өртене бастаған.
Дүйсенбіде сағат 07:15-де өрт оқшауландырылып, сағат 11:00-де сөндірілген. Оны сөндіруге 55 адам қатысқан.
"50 гектар шабындық жер мен орманның 5 гектар жері өртенген, құрбан болғандар және зардап шеккендер жоқ", деп атап өтті министрліктен.