Алматы облысында өрт салдарынан 12 мал шығынға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында өрт салдарынан 12 мал шығынға ұшырады

Алматы облысында өрт салдарынан 12 мал шығынға ұшырады

Алматы облысында өрт салдарынан 12 мал шығынға ұшырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қазан 2003
  • 345
Фото - Caravan.kz

Өрт Талғар ауданы Бесқайнар ауылында шыққан. Мұнда бір жеке үйдің ауласында 105 шаршы метр алқапты иемденетін сарай өртенген. Оқыс оқиғаның кесірінен 5 текше метр отын мен бір тонна көмір де отқа жанып кетті.

Өрт үш сағаттан кейін өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар