Алматы облысында өрт салдарынан 230 басты мал шығынға ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында өрт салдарынан 230 басты мал шығынға ұшырады

Алматы облысында өрт салдарынан 230 басты мал шығынға ұшырады

Алматы облысы Балхаш ауданындағы төрт шаруа қожалығында өрт салдарынан 230 басты мал шығынға ұшырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 361
Фото - Caravan.kz

Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасының ақпаратына сәйкес, өрттің шығуына егіс алқабын тұқым себу науқанына әзірлеу үшін шаруашылық қожайындарының құрғақ шөпті өртеуі себепкер болған.

Соның салдарынан жалын шаруа қожалықтарының аумағына таралып кеткен. Өрттің етек алуына қатты жел де өзіндік әсерін тигізбей қоймады. Өрт жалпы 1000 гектар жерді шарпыды.
Байланыс желісінің болмауынан өрт туралы ақпарат мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметіне кеш келіп жеткен. Өртке қарсы күрес қызметінің шұғыл тобы таңертеңгі сағат 7-де ғана шақыруға аттанды. Топ кеген кезде тілсіз жау өзіндігінен сөніп үлгерген болатын.
Оқыс оқиға орнында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта