ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, өрттің таралуы 05.35-те тоқтатылып, тағы жарты сағаттан кейін толығымен сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнында 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Сондай-ақ Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылында сағат 18.44-те тұрғын үйде өрт болды. Өрт сағат 21.00-де ауыздықталды. Жалынмен күреске ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар оқиға орнында 38 жастағы әйел мен 4 жасар баланың мәйіттерін тапты.