Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады.
Облыстық ТЖД мәліметінше, құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтерілген. Қарасай ауданын, Райымдек ауылын, "Ақсай-19", "Торпеда", "Труд" саяжай қоныстарын су басқан.
Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). Облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда су алған елді мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр.
"Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды", — деді Жұртбаев.
Сонымен қатар, редакцияға келіп түскен мәліметтер бойынша, Алматының Алатау ауданындағы, Рысқұлов даңғылының төмен жағында бірнеше үйді су басқан. Тегтер: Алматы, Алматы облысы, Ауа райы, Су тасқыны, Төтенше жағдай "Тосын жай" айдарындағы басқа жаңалықтар : Daewoo Nexia жүргізушісі жантүршігерлік жол апатына ұшырады: Көлік жолға қадалып қалған СҚО-дағы су шайып кеткен ауыл: Су терезеге дейін көтеріліп, көліктерді алып кеткен Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен емес, басқа автобустың жүргізушісімен төбелескен — автопарк Алматыда егде жастағы ер адамды тістеп алған иттің иесі іздестіріліп жатыр Прокуратура итбалықтардың жаппай қырылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр