Алматы облысында өз-өзін атып өлтірген полковниктің сыбайластары сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында өз-өзін атып өлтірген полковниктің сыбайластары сотталды

Алматы облысында өз-өзін атып өлтірген полковниктің сыбайластары сотталды

Қорғаныс министрлігінде кезекті жемқорлық дауына нүкте қойылды! Бұл жолы Алматы облысында былығы әшкере болғаннан кейін өзін табельді тапаншамен атып өлтірген полковниктің әріптестері сотталды. Олардың барлығына қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің миллиондарын жымқырды деген айып тағылған болатын.

  • 18 Тамыз 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Сот процесі Астанада жарты жылға жуық өтті. Тергеу материалдарына қарағанда Алматы іргесіндегі №55065 әскери бөлімінің сақтау қоймасын басқарған Абай Мырзабеков қол астындағы 2 офицермен бірігіп бюджет ақшасын жымқырған. Яғни ұйымдасқан қылмыстық топ әскери бөлім жанынан бетон қоршау тұрғызу үшін құжат әзірлеп мол қаржы сұратады. Алайда жеңіл пайданы көздегендер оны арзан цементпен соға салып артылған ақшаны бөліп алған. Ол сомма  — 300 миллион теңгеден асып отыр. Бұл былық осы жылдың Наурыз айында Астанаға белгілі болғаннан кейін, полковник Абай Мырзабеков өзінің жұмыс кабинетінде атылып өлген болатын. Ал, сыбайластары Ибраев алаяқтық үшін 4 жылға, Әшіғалиев қызметін асыра пайдаланғаны үшін 5 жылға темір торға жабылды. 

Кемел Шаяхмет, ҚР Әскери прокуратурасының басқарма басшысы:

Қылмыстық істі тергеу барысында көптеген бухгалтерлік, қаржылық құжаттар тексерілді. Сараптамалар тағайындалды. Куәларды тыңдадық. Осының бәрі сотқа ұсынылып, кінәлары дәлелденген соң үкім кесілді.

Соңғы жаңалықтар