Алматы облысында пәтер тонауды кәсіпке айналдырған 18 жастағы бозбала ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында пәтер тонауды кәсіпке айналдырған 18 жастағы бозбала ұсталды

Алматы облысында пәтер тонауды кәсіпке айналдырған 18 жастағы бозбала ұсталды

Полицейлер Алматы облысының Алакөл ауданында бірнеше пәтер тонау оқиғаларына қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы бозбаланы ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 493
Фото - Caravan.kz

Соңғы уақытта Үшарал қаласында әсіресе күндізгі уақыттарда пәтер тонау оқиғалары едәуір жиілеп кеткен. Осыған байланысты полицейлер күзетті күшейтіп, аталмыш қылмыс түріне байланысты бұрындары сотталған адамдарды бақылауға алған көрінеді. 1-қыркүйек күні кезекті тонаушылық әркеттен кейін күдікті қолға түсті. Полицейлердің болжамы дұрысқа шығып, 2003-жылдың маусым айында түрмеден босап шыққан жас жігіттің тонаушылық жасағаны әшкереленді. Бозбала бұған дейін 15 ұрлық оқиғасы үшін жаза өтеп шыққан болатын.

Қазіргі жағдаймен полиция оның 7 ұрлық оқиғасына қатыстылығын анықтады, басқа деректер де тексерілу үстінде. Тұтқынның пәтерінен ұрлыққа айғақ заттар болып табылатын бейнемагнитофондар, алтын бұйымдар, етіктер мен басқа да заттар шықты.
Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсетуінше, бойы 185 см-лік ұзынтұралығына қарамастан , жігіт өзінің кез-келген кішкентай желдеткіштен сыйып кете беретін «кәсіпқой ұры» екенін айғақтап берген. Тергеу эксперименті кезінде полицейлер терезенің алдына үстінде ыдыс-аяғы бар үстел қойған. Алайда, жігіттің ептілігі соншалық, ол мысықша басып пәтерге кірген кезде, табақ сынбақ түгілі еденнің сықыры да естілмеген көрінеді.