Алматы облысында пәтерлерге тонаушылық жасаған күдіктілер тобы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында пәтерлерге тонаушылық жасаған күдіктілер тобы құрықталды

Алматы облысында пәтерлерге тонаушылық жасаған күдіктілер тобы құрықталды

Алматы. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында пәтерлерге тонаушылық жасаған күдіктілер тобы құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алмаьы облыстық ІІД баспасөз қызметінгің жетекшісі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.

  • 24 Қазан 2008
  • 345
Фото - Caravan.kz

«Талдықорғанда пәтерлерге тонаушылық жасады деген күдікпен грузин ұлтының азаматтарынан құралған топ құрықталды. Оларды Қапшағай қалалық жол полициясы қызметкерлері мен «Арлан» арнаулы тобының жауынгерлері «Рубеж» жүйесі бекетінде қолға түсірді. Ұсталған алты адам үш пәтерді тонау оқиғасына қатысы бар күдікті деп танылуда. Сондай-ақ, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Барлық ұсталғандар Талдықорған ІІБ уақытша тергеу абақтысына қамалды.

К. Нұрахметтің айтуынша, күдіктілердің екі автокөлігінен «тексеру кезінде 3 млн 750 мың теңге, 9 500 доллар, 3 970 евро, 70 мың рубль, алтын бұйымдар, екі дана «Оса» тапаншасы, есік бұзуға арналған саймандар табылып тіркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар