Алматы облысында педофил 9 жастағы баланы зорламақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында педофил 9 жастағы баланы зорламақ болды

Алматы облысында педофил 9 жастағы баланы зорламақ болды

Алматы облысында жантүршігерлік жағдай орын алды.

  • 23 Мамыр 2017
  • 243
Фото - Caravan.kz

Алаңсыз ойнап жүрген 9 жастағы қыз баланы педофил сүйреп әкетіп, жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сарқан ауданының прокуроры Ерлан Андабаевтың айтуынша, оқиға 21 мамыр күні Сарқан қаласында болған. Күндізгі сағат 16:00-дер шамасында ішімдікке сылқия тойған 1988 жылы туған азамат кішкентай қызды зорлауға әрекеттенген. Ол көшеде ойнап жүрген қызды көзден таса жерге алып барғанымен, арам ойын жүзеге асыра алмаған. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде көмекке келіп, 9 жасар баланы азғыннан арашалап алған. Жасөспірімнің жағдайы қазір қалыпты. Ата-анасымен бірге. Бірақ, осы жайттан кейін қатты шошынып қалған.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат абақтыға қамалды. Егер айыпталушының қылмысы дәлелденсе ол 15-20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.