Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Патрульдік полиция бастальоны қызметкерлері Бекзат Тұрсынәлі мен Мақсат Омаров қызмет ету барысында Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 117 шақырымында жол бойында жалғыз жүрген 4 жасар бүлдіршінді байқап, оның ата-анасын жедел түрде тауып, әкесіне дін аман табыстады.
Бүлдіршіннің ойнап жүріп, жол бойына шығып, адасып кеткендігі белгілі болды. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Өз кезегінде баласымен қауышқан әке бейнежазба арқылы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.