Алматы облысында полиция қызметкерлері қарасора мен апиын көкнәрінің ірі плантациясын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында полиция қызметкерлері қарасора мен апиын көкнәрінің ірі плантациясын тапты

Алматы облысында полиция қызметкерлері қарасора мен апиын көкнәрінің ірі плантациясын тапты

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында полиция қызметкерлері қарасора мен апиын көкнәрінің ірі плантациясын тапты. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

«7 тамызда Ұйымдасқан қылмыспен күрестің Оңтүстік өңірлік басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен және Алматы облысының ІІД арнайы мақсаттағы «Арлан» бөлімшесімен бірлесе отырып Талғар ауданындағы тау етегінде барлығы 6 гектар болатын үш аумақта жабайы өсетін қарасора мен апиын көкнәрінің қолдан өсіріліп жатқан плантациясын тапты», — деп хабарлады С. Кусетов. Ол полиция қызметкерлері плантацияда жалпы салмағы 1 тоннадан асатын 7 мың түп марихуана мен жалпы салмағы 8 кг тартатын 2 мың түп апиын көкнәрін тәркілегенін де айтуды ұмытпады.

Брифинг барысында осы қылмыс үшін Алматы қаласының тұрғыны тұтқындалғаны атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар