"7 тамызда Ұйымдасқан қылмыспен күрестің Оңтүстік өңірлік басқармасы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасымен және Алматы облысының ІІД арнайы мақсаттағы "Арлан" бөлімшесімен бірлесе отырып Талғар ауданындағы тау етегінде барлығы 6 гектар болатын үш аумақта жабайы өсетін қарасора мен апиын көкнәрінің қолдан өсіріліп жатқан плантациясын тапты", - деп хабарлады С. Кусетов. Ол полиция қызметкерлері плантацияда жалпы салмағы 1 тоннадан асатын 7 мың түп марихуана мен жалпы салмағы 8 кг тартатын 2 мың түп апиын көкнәрін тәркілегенін де айтуды ұмытпады.
Брифинг барысында осы қылмыс үшін Алматы қаласының тұрғыны тұтқындалғаны атап өтілді.