Алматы облысында профиль құбырлар шығаратын зауыт ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында профиль құбырлар шығаратын зауыт ашылды

Алматы облысында профиль құбырлар шығаратын зауыт ашылды

Дүйсенбі күні мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір барысында Алматы облысының Іле ауданында Sonik компаниясының профиль құбырлар шығаратын зауыты ашылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 4 Шiлде 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz

Ел президентіне жобаны зауыттың директоры Валерий Сон таныстырды.

Оның айтуынша, кәсіпорын тік бұрышты және квадрат кескінді, көлемі әр түрлі профиль құбырларды шығаратын. Өнім ел ішінде де, шетелдерде де құрылыс, жиһаз, басқа да салаларда сұранысқа ие болады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің нақтылауынша, профиль құбырлар шығаратын зауыттың жалпы құны 760,1 млн теңгені құрайды (заем қаржы — Т196 млн, жеке қаржы — Т564,1 млн). Зауыттың жобалық қуаты — 10 мың тонна профиль құбыр. Зауытта 150 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, дүйсенбі күні «Қорғас-Жетіген» теміржол желісінің құрылыс жобасы таныстырылды. Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, жобаның жалпы құны Т154,9 млрд теңгені құрайды. Теміржол желісінің ҚР аумағындағы ұзындығы — 292,5 км. Құрылыс аяқталған соң жүк тасымалдау көлемі жылына 5,6 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр.

«Жетіген-Қорғас» теміржол желісі іске қосылса, Қытайға теміржол жүк-жолаушы тасымалының қашықтығы 500 шақырымға қысқарады», — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Бұл жобаны жүзеге асыру 4 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Құрылысқа тапсырыс беруші — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Теміржол желісі бойынша жұмыстар 2010 жылы қолға алынған, деп еске салады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар