Жарияланды: 290

Алматы облысында қар құрсауынан 6 көлік пен 28 адам құтқарылды

17 желтоқсан күні сағат он екі шамасында Алматы облысының Ескелді ауданында

«Талдықорған-Қапал» автожолына Қоңыр ауылынан шыға беріс жерде 28 жолаушысы бар (соның ішінде 3 бала) 6 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Өртке қарсы және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесінің және «Алматы Жолдары» ЖШС-нің күшімен автокөліктер жолдың тазаланған бөлігіне шығарылып, Қапал ауылына аттандырылды. Құтқарушылар нақтылағандай, зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін