Алматы облысының полициясы балаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 21 жастағы жігітті іздеп жатыр, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
29 мамырда Үшарал аудандық ауруханасына пышақ жарақатын алған 10 жасар бала түсті. Абырой болғанда, жарақаты өміріне қауіп төндірмеген, ол өзіне шабуыл жасаған адамның түр-сипатын полицейлерге айтып берді.
Күдікті баланың ата-анасы жоқтығын пайдаланып, үйге алдап кірген. Жасөспірімді бірнеше рет пышақпен жарақаттап, 20 мың теңгені тонап кеткен. Жедел қызметкерлер зардап шеккен жасөспірімнің сипаттауы бойынша бірнеше сағат ішінде күдіктінің кім екенін тапты.
"Қазір оны ұстауға өңірдің бүкіл полицейлері жұмылдырылған. Суреті мен сыртқы белгілері елдің бүкіл полиция бөлімшесіне жіберілді", — деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Күдіктінің қайда жүргенін туралы қандай да бір ақпарат білетін жан болса, келесі нөмірлерге хабар беруін сұраймыз: 8 (7282) 608035, 608074, 603057, 8 – 7756963717 немесе 102", — деді полиция.