Алматы облысында қатты сел жүріп өткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қатты сел жүріп өткен

Алматы облысында қатты сел жүріп өткен

Алматы облысында сел жүріп өткен. Әлеуметтік желілерде қуатты балшық су ағынының видеосы пайда болды.

  • 10 Маусым 2021
  • 104
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

9 маусымда жауын-шашын және бұршақ түрінде жауған жаңбыр салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін "Жетісу Алатау" жотасының оңтүстік беткейінің орта тау бөлігінде, құрғақ сайда секундына 70.0 куб метр шығынмен сел жүрген.

"Нәтижесінде, Сарыөзек-Көктал жолының 171 шақырымында, Панфилов ауданы Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, автожол көпірінде ені 700-800 метр болатын жол жүру бөлігіне су ақты, — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Соңғы жаңалықтар