Алматы облысында қатты жаңбырдан Алматы-Қорғас тас жолының бойындағы көпірдің таянышын шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қатты жаңбырдан Алматы-Қорғас тас жолының бойындағы көпірдің таянышын шайып кетті

Алматы облысында қатты жаңбырдан Алматы-Қорғас тас жолының бойындағы көпірдің таянышын шайып кетті

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Өткен жексенбіде Алматы облысында қатты жаңбырдан Алматы-Көкпек- Қорғас тас жолының 324-ші шақырымында Өсек өзені арқылы өтетін көпірдің таянышын шайып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Оқыс оқиға салдарынан «Қорғас» кеден бекетімен арадағы халықаралық байланыс кабелі мен ауданаралық байланыс үзілді. Көпірмен жүретін көлік қозғалысы шектеліп, оны жол полициясының қызметкерлері реттеуде»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқиға орнында «Телеком» компаниясының байланысшылары байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. «Ахуал бақылау астында, тасқын қаупін жоюға бағытталған аудандық комиссия құрылуда», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Елдімекендерге қатер жоқ, деп хабарлайды мекеме.

«9-шілде күнгі сағат 6 дағы жағдаймен судың шығыны секундына 80 текше метрге жеткен, халықаралық байланыс кабелі мен телефон байланысы қалпына келтірілді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті