Алматы облысында «Қауіпсіз қала» оперативті шарасы басталды
Талдықорғанда тәртіп сақшылары «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу шарасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. |
«Полицияның 800-ге жуық қызметкері қала аумағындағы барлық техникалық қызмет көрсетуші станциялар мен гараждарда ұрланған автокөліктерді анықтау бойынша тексеру жүргізеді, негізгі жолдарға бекеттер қойылды. Күдікті орындар, мекен-жайлар іздеуге жарияланғандарды, із-түссіз кеткендерді, қала аумағында заңсыз жүргендерді анықтау бойынша тексеріледі», - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
Оның айтуынша, салт атты полицияның көмегімен саяжайлар да тексеріледі.
Оперативті шара Талдықорған қаласының аумағында 2 тәулік бойы жүргізіледі.
«Бірақ шараның алғашқы үш сағатында ұрлық пен тонаушылық үшін іздестіріліп жатқан 2 адам ұсталды. Із-түссіз кетті деп есептелген бір адам табылды», - деді К.Нұрахмет.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін