Алматы облысында «Қауіпсіз қала» оперативті шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында «Қауіпсіз қала» оперативті шарасы басталды

Алматы облысында «Қауіпсіз қала» оперативті шарасы басталды

Талдықорғанда тәртіп сақшылары «Қауіпсіз қала» жедел-алдын алу шарасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

  • 27 Мамыр 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Полицияның 800-ге жуық қызметкері қала аумағындағы барлық техникалық қызмет көрсетуші станциялар мен гараждарда ұрланған автокөліктерді анықтау бойынша тексеру жүргізеді, негізгі жолдарға бекеттер қойылды. Күдікті орындар, мекен-жайлар іздеуге жарияланғандарды, із-түссіз кеткендерді, қала аумағында заңсыз жүргендерді анықтау бойынша тексеріледі», — деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, салт атты полицияның көмегімен саяжайлар да тексеріледі.

Оперативті шара Талдықорған қаласының аумағында 2 тәулік бойы жүргізіледі.

«Бірақ шараның алғашқы үш сағатында ұрлық пен тонаушылық үшін іздестіріліп жатқан 2 адам ұсталды. Із-түссіз кетті деп есептелген бір адам табылды», — деді К.Нұрахмет.

Соңғы жаңалықтар