Жарияланды: 390

Алматы облысында қазақ және ұйғыр тілдерінде жаңа газет шығарыла бастады

Жаңа жылдың басталуы Ұйғыр ауданының тұрғындары үшін жаңа аудандық газеттің шығарылуымен есте қалды, оқырмандар басылымның бірінші нөмірімен 1 қаңтар күні танысты.

«Қарадала тынысы» - «Қарадала нәпәси» атты газет аптасына бір рет қазақ және ұйғыр тілдерінде шығады. Оның тиражы 3000 дананы құрайды. Жаңа басылымның редакциясы «Медиахолдинг «Жетісу Ақпарат» АҚ-ның филиалы болып табылады. Шығармашылық ұжымда 9 штаттық қызметкер бар. Ерекше назар мемлекеттік саясатты насихаттау және түсіндіруге, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша басымдық міндеттерге, сондай-ақ бірлік пен келісімді нығайтуға, аймақтағы достық тақырыбын кеңінен жариялауға, қазақтар мен ұйғырлардың мәдениеті, тарихы, дәстүрлері туралы қызықты мақалаларды жариялауға бағытталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін