Алматы облысында қазақ және ұйғыр тілдерінде жаңа газет шығарыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қазақ және ұйғыр тілдерінде жаңа газет шығарыла бастады

Алматы облысында қазақ және ұйғыр тілдерінде жаңа газет шығарыла бастады

Жаңа жылдың басталуы Ұйғыр ауданының тұрғындары үшін жаңа аудандық газеттің шығарылуымен есте қалды, оқырмандар басылымның бірінші нөмірімен 1 қаңтар күні танысты.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Қарадала тынысы» — «Қарадала нәпәси» атты газет аптасына бір рет қазақ және ұйғыр тілдерінде шығады. Оның тиражы 3000 дананы құрайды. Жаңа басылымның редакциясы «Медиахолдинг «Жетісу Ақпарат» АҚ-ның филиалы болып табылады.

Шығармашылық ұжымда 9 штаттық қызметкер бар. Ерекше назар мемлекеттік саясатты насихаттау және түсіндіруге, ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша басымдық міндеттерге, сондай-ақ бірлік пен келісімді нығайтуға, аймақтағы достық тақырыбын кеңінен жариялауға, қазақтар мен ұйғырлардың мәдениеті, тарихы, дәстүрлері туралы қызықты мақалаларды жариялауға бағытталған.