Алматы облысында Қазпошта бөлімінің басшысы зейнетақы және жәрдемақыға бөлінген 2 млн. теңгені жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында Қазпошта бөлімінің басшысы зейнетақы және жәрдемақыға бөлінген 2 млн. теңгені жымқырған

Алматы облысында Қазпошта бөлімінің басшысы зейнетақы және жәрдемақыға бөлінген 2 млн. теңгені жымқырған

Ұйғыр аудандық сотының өндірісіне Ұйғыр ауданы Ават ауылдық «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс бөлімінің басшысы М.Машраповқа  қатысты қылмыстық іс түсті.

  • 5 Қараша 2015
  • 458
Фото - Caravan.kz

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу органдары анықтағандай, М.Машрапов 2015 жылғы мамыр-маусым айлары аралығында өзінің қызметін пайдаланып, 1 935 879 теңге мөлшеріндегі қаражатты заңсыз иеленген. Көрсетілген ақшалай сома зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы алатын ауыл тұрғындарына тиесілі болған.

М. Машраповқа ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармағы бойынша айып тағылды.


Перейти к новостям спорта