Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу органдары анықтағандай, М.Машрапов 2015 жылғы мамыр-маусым айлары аралығында өзінің қызметін пайдаланып, 1 935 879 теңге мөлшеріндегі қаражатты заңсыз иеленген. Көрсетілген ақшалай сома зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы алатын ауыл тұрғындарына тиесілі болған.
М. Машраповқа ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармағы бойынша айып тағылды.