Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған.
Алдын ала болжам бойынша, бала шамамен 4-5 жаста. Бойы – 90-100 см. Қайтыс болған бала қыз бала болуы мүмкін. Шашының түсі ақшыл қоңыр.
Бүлдіршіннің денесі қоқыстан табылғанымен, оның басы денесінен бес метр жерде бөлек жатқан.
Мәйіт сараптамаға жіберілді.