Алматы облысында қорланған Керей мен Жәнібектің ескерткіші жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қорланған Керей мен Жәнібектің ескерткіші жұртты шошытты

Алматы облысында қорланған Керей мен Жәнібектің ескерткіші жұртты шошытты

Қазақ хандарын қор қылды! Алматы облысында Керей мен Жәнібектің жалғыз ескерткіш тақтасы адам аярлық халге жеткен. Тас мүсіннің тоз-тозы шығып, маңайы қоқысқа толыпты. Жергілікті әкімдіктің ең болмаса Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатқан шақта бір тақтайшаны жөндей алмағаны жұрттың жағасын ұстатып отыр.               

  • 1 Қазан 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бұл – Есік қаласы. Бағдаршам мен алба-жұлба бағаналардың көлеңкесінде тұрған мына бейнелерді Керей мен Жәнібек хандардыкі деп айту қиын.

Қазақ хандығының негізін қалаушы екі ұлы тарихи тұлға сыйған тақтайшаның тас-талқаны шыққаны былай тұрсын, ескерткіштің маңы өткен-кеткеннің дәретханасына айналған. Иісінен жүрек айниды. Ол аздай, қазақтың қасиетті есімдері жазылған орын маскүнемдердің де мекеніне айналыпты.

Алба-жұлбасы шыққан ескерткіштің түбі де шіріп жатыр. Ал арқасына әлдебіреулер анайы сөздер жазып кетіпті. Бабаларымыздың әруағына жасалған мұндай қиянатқа жұрт жағасын ұстап жүр. 

Томирис Болат, Есік қаласының тұрғыны:

-Оларға құрмет жоқ. Өйткені, бұлай көріп жатқанымыздай олар сынып жатыр, кафельдары түсіп жатыр. Өйтуге болмайды негізі. Бұл қазақ хандары. Біз оған өте мақтануымыз керек негізі. Бұл ұят емес пе?

Өкінішке қарай, тарихи қаланың қақ ортасында орналасқан ескерткіштің мүшкіл халін кейбіреулер елемейтін де сияқты. Есесіне, ғимараты ескерткішке қарсы орналасқан әкімдік қызметкерлері лезде жетіп келді.

Қуат Кәрібайұлы, Есік қаласы әкімінің орынбасары:

-Машина соғысып қалған.

 -Ескерткішке дейін шығып кеткен бе көлік?

 -Қойыңдаршы.

-Менің салам идеология жағы . Коммуналдық жағына қарайтын басқа орынбасар бар. Жоқ, ол жөнделеді. Мына жақта көрдіңіз бе, қозғалыс көп. Әрі апат жиі боп тұрады.

Бар кінәні жол апатына артқан атқамінер ақыры ағынан жарылып, қаржының жоқтығы салдарынан қазақ хандары қараусыз қалғанын айтты.

Қуат Кәрібайұлы, Есік қаласы әкімінің орынбасары:

-Бізде қаражат жоқ, бөлінбеген ақша. Осыны қарастырып,  ескерткішті түзеуге.

Қазақ хандары бұған дейін де еңселі ескерткішке жарымаған. Бас қала Астананың өзінде лайықты орын табылмай, қала сыртына тасталған болатын. Дау-дамай туған соң, ақыры басқасы орнатылды. Ал мәдениет ордасы саналған Алматыда оларға арналған ескерткіш тіпті де жоқ. Ол тұрмақ, ұлтарақтай көшенің де аты бұйырмай тұр.      

Соңғы жаңалықтар