Алматы облысында ҚР прокуратура күні атап өтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ҚР прокуратура күні атап өтілді

Алматы облысында ҚР прокуратура күні атап өтілді

Кеше Қазақстанда прокуратура қызметкерлерінің күні атап өтілді.

  • 7 Желтоқсан 2012
  • 501
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы прокуратурасының жаңартылған мәжіліс залында облыстың ардагерлері мен жас мамандары марапатталды.

Облыс прокуроры Ғабит Миразов прокуратураның барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда елеулі үлес қосып отырғандығын атап өтті.

Прокуратура күнін тойлауға байланысты облыстық прокурордың бұйрығымен қадағалау органының қызметкерлері марапатталды.

Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де ескерусіз қалмады. «Айқын» газетінің тілшісі Болат Абаған, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Нұрбол Әлдібай, «Қазақстан» телеарнасының арнаулы тілшісі Қуаныш Серікханов, «31 арнаның» журналисі Әлия Ахмедиева және «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі Сандуғгаш Дүйсенова алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.