Алматы облысында құжатқа қол қою үшін 1 миллион теңге пара алған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында құжатқа қол қою үшін 1 миллион теңге пара алған

Алматы облысында құжатқа қол қою үшін 1 миллион теңге пара алған

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысын жемқорлық фактісі бойынша ұстады.

  • 25 Ақпан 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Ол 2022 жылғы 18 ақпанда Кеген ауданының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ объектілерді пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 000 000 теңге сомасында пара алған.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Алматы облысы бойынша департаменті