Алматы облысында Қырғызстан азаматынан 10 кило героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында Қырғызстан азаматынан 10 кило героин тәркіленді

Алматы облысында Қырғызстан азаматынан 10 кило героин тәркіленді

Алматы облыстық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес жөніндегі департаментімен бірлесе отырып облыстық кедендік басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен Қырғызстан азаматын тұтқындап, одан 10 кило героин тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық есірткі саудасымен күрес жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Полиция мәліметіне сәйкес, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Бішкек-Алматы тас жолының 33-ші шақырымында Қырғызстаннның Ыстық Көл облысы Ақсу ауданының 42 жастағы тұрғыны айдаған «Мерседес-250» автокөлігі ұсталды. Автокөлік салонына тінту жүргізген кезде көліктің артқы есігінің қаптауының артынан 1 килодан оралған 5 кило героин табылды. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 10 килоны құрады.

Қазір Алматы облыстық ІІББ тергеу шараларын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар