Жарияланды: 340

Алматы облысында РФ аумағында адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Кеше Алматы облысының полиция қызметкерлері «Іздеу» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында өз елінде адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын Қапшағай қаласында қолға түстірді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, Ресейдің 52 жастағы тұрғыны 2004 жылдың ақпан айында Хабаров өлкесінде адам өлтіген. Қазіргі таңда ол Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жабылды. Енді оны Ресей полициясының қолына тапсыру мәселесі қаралып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін