Алматы облысында сәби кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сәби кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып өлді

Алматы облысында сәби кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып өлді

Бір жарым жастағы қыз абайсызда кіржуғыш машинаның ішіне түсіп кеткен

  • 30 Қараша 2017
  • 176
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында бір жарым жастағы қыз кіржуғыш машинаның ішінде суға тұншығып өлді, деп хабарлайды Sputnik ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 28 қарашада Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында болған.  

Біраз уақыт қараусыз қалған кішкентай қыз орындыққа шығып, су толып тұрған жартылай автомат кіржуғыш машинаға түсіп кетеді. Сәби өз бетімен шыға алмай, тұншығып өлген. 

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. 


"Баланың өлімі әзірше жазатайым оқиға ретінде қаралып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде", — деп атап өтті облыстық полиция.

Соңғы жаңалықтар