Алматы облысында сайлаушылардың басым бөлігі А.Мұсахановқа дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сайлаушылардың басым бөлігі А.Мұсахановқа дауыс берді

Алматы облысында сайлаушылардың басым бөлігі А.Мұсахановқа дауыс берді

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ҚР Парламент Сенатына сайлау өтті. Аймақта екі үміткер: Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов пен Талдықорған қаласы бойынша «Алатау» АҚ өкілдігінің жетекшісі Алик Темірбаев тіркелді.

  • 1 Қазан 2014
  • 1741
Фото - Caravan.kz


Сайлау комиссиясының хабарламауынша, 325 сайлаушыдан 322 депутат сайлауға келген, үшеуі белгілі себептерге байланысты қатыспады.
Сенат депутаттығына үміткер Аңсар Мұсаханов сайлаушылардың 285 дауысын жинады. Алик Темірбаевқа 36 дауыс берілді. Сайлау барысында 1 бюллетень ғана бүлінген.

«Мен өз дауысымды Аңсар Тұрсынханұлына бердім. Ол өмір бойы Алматы облысының игілігіне қызмет етті. Меніңше, елдің жоғары заңнамалық органында нақ осындай адамдар болуы керек», — деді Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Мамила Мұсабекова.
null