Алматы облысында сел жүру салдарынан 5 көпір істен шықты, алдын-ала ақпаратқа сәйкес адамдар зардап шеккен жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында сел жүру салдарынан 5 көпір істен шықты, алдын-ала ақпаратқа сәйкес адамдар зардап шеккен жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысында сел жүру салдарынан 5 көпір істен шықты, алдын-ала ақпаратқа сәйкес адамдар зардап шеккен жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 7-шілде. Kazakhstan Today. Алматы облысында сел жүру салдарынан 5 көпір істен шықты, алдын-ала ақпаратқа сәйкес адамдар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2006
  • 444
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, сел Алма Арасан шатқалында Құмбелсу өзенінде жүрген. 6-шілде күні 20 сағатта 38 мм-ге жеткен нөсер салдарынан бірнеше толқын сел жүрген. Алдын-ала мәліметке сәйкес, ең жоғары сел ауқымы секуындына 100 текше метрге, 2-ші су электр станциясы маңында секундына 50 текше метрге жетті. Ал Үлкен Алматы өзеніндегі селге тосқауыл қоятын бөгет арқылы секундына 5 текше метрлік сел жүрді.

Сел Құмбел сағасындағы гидробекеттен Көкшоқы аулына дейінгі 5 көпірді бұзып кетті. Қазіргі жағдаймен Көкшоқы ауылына баратын жол жабылды. 7-шілдеде түнгі сағат 1-де «Сарбаз» қонақүй бекетінен «Қазақселден қорғау қызметінің» күшімен 48 адам басқа жаққа көшірілді.

Оқыс оқиға орнында адамдарды іздестіру шаралары жүргізілуде. 3 сағат 15 минутта жұмыстар тоқтатылды. «Қазавиаспас» РМК-ның екі тікұшағы ұшуға дайын тұр.

Перейти к новостям спорта