Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Н.Нұрманбетов 255 сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, «Айирмир» ЖШС заңгері Қанат Сүлейменов 50 сайлаушының дауысын жинады.
Жалпы алғанда Алматы облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 313 депутаты бар.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында Алматы облысында заң бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.