Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Н.Нұрманбетов 252 (83,4%) сайлаушының дауысын жинады.
Депутаттықтан екінші үміткер, «Айирмир» ЖШС заңгері Қанат Сүлейменов 50 сайлаушының (16,6%) дауысын жинады.
Жалпы алғанда Алматы облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 330 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 313 депутат қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 8 бюллетень жарамсыз деп танылды, ал 3 бюллетеньді депутаттар жәшікке салмаған.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында Алматы облысында заң бұзу оқиғасы тіркелген жоқ.