Алматы облысында шаңғы жарыстары бойынша ҚР ашық Кубогы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында шаңғы жарыстары бойынша ҚР ашық Кубогы басталды

Алматы облысында шаңғы жарыстары бойынша ҚР ашық Кубогы басталды

Бүгін Алматы облысы,Талғар ауданының Жауынгер сайында орналасқан Шаңғы стадионында шаңғы жарыстары бойынша ҚР ашық Кубогы ойындары басталды.

  • 23 Желтоқсан 2014
  • 720
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР шаңғы жарысты ұлттық федерациясының ресми сайтында мәлім етілген.

"Жарыс Халықаралық Шаңғы Федерациясының (FIS) күн тәртібіне енгізілген. Оған Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар қалаларынаң және Шығыс Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарының ең мықты деген шаңғышылары мен ҚР ұлттық құрамасының мүшелері қатысады. Бұл жарысқа басқа елдердің де шаңғышылары қатыса алады", — делінген хабарламада.

Жарыс кестесі төмендегідей:

  • 22 желтоқсан — Жиналу. Ресми жаттығу және капитандар жиналысы.
  • 23 желтоқсан — Классикалық әдіс бойынша спринтерлік жарыстар.
  • 24 желтоқсан — Әйелдер арасында 5 шақырым және ерлер арасында 10 шақырымдық қашықтыққа бөлек старт бойынша дәстүрлі жарыс.

  • 25 желтоқсан — жарыс болмайды. Бұл күні таңғы сағат 10.00-де мұнда шаңғы жарыстары бойынша ҚР ашық Кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
  • 26 желтоқсан — Скиатлон. Масс-старт.

Шаңғышылар жарыс жолының бірінші  жартысын классикалық үлгімен жүріп өтеді. Кейін, шаңғы ауыстырып, жарыстың екінші жартысын еркін стильмен жүріп өтетін болады. Әйелдер 5+5 шақырымға, ал ерлер 10+10 шақырымға жарысады.  

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера