Алматы облысында шаруа қожалығындағы өртте екі ер адам ажал құшты
17 желтоқсан күні таңертең Алматы облысының Балқаш ауданында «Абадан» шаруа қожалығының аумағында орналасқан тұрғын үйде өрт болды. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыды, соңынан үйдің шатыры опырылып құлады. Тілсіз жау өрт сөндіру қызметі келгенше ауыздықталды. Оқиға орнында 51 жастағы ер адамдардың денелері табылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін