Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, пышақтап өлтірілген күзетшінің мәйіті 27-тамызда табылған. Ұры шіркеудің сейфіндегі 32 мың теңге мен 1,5 килограмм күміс бұйымдарды алып кеткен.
Қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. 29 жастағы жергілікті тұрғын уақытша тергеу қапасына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.