Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ірі қара малынан алынған сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды.
“Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді”- деп хабарлады әкімдіктен.
Елді мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажетті мамандар мен арнайы техника штаты бар.
“Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр.Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады»,- деп атап өтті әкімдіктен.
Әкімдік мәліметінше, ветеринария мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпті індеттерден қорғау үшін шараларын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Жарық тума учаскесінде мал дәрігерлері 141 бас ірі қараға Сібір жарасына қарсы екпе екті.
Сонымен қатар ветеринарлар инфекция ошағын жою мақсатында 1800 шаршы метр қора-жайды дезинфекциялаған. Залалсыздандыру жұмыстары дезстройлайт препаратының 1 пайыздық ерітіндісімен жүргізілген.
Ал Үлкен ақсу ауылдық округінде ауру жұқтыруы мүмкін 25 ит пен 4 мысық ауланып, тиісті ветеринарлық тексеруден өтті. Бұл шаралар адамдар мен жануарлардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Ветеринария мамандары ауыл тұрғындарын мал ауруларының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтауға шақырады.