Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚАЖ мәліметінше, бұл оқиға 5 қазанда ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемеде болған.
"Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сотталғандардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің одан әрі күшеюіне жол бермей, жаппай тәртіпсіздікті тоқтатты.
Сотталғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауымен стационарда жатыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір мекемедегі жағдай тұрақты,", — делінген хабарламада.