Алматы облысында тағы бір жол учаскесі жабылды
26 желтоқсан күнгі сағат 10:55-тегі жағдай бойынша, ауа райының қолайсыздығына орай (қар, боран және жолдың нашар көрінуі) Алматы облысында тағы бір жол - "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" автожолының (125-165) Шелек-Көкпекті учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Бұл туралы ҚР ККМ-нің баспасөз қызметіне хабарлады. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін