Алматы облысында тағы да жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тағы да жер сілкінді

Алматы облысында тағы да жер сілкінді

Кеше түнде Алматы облысында тағы да жер сілкінісі тіркелді.

  • 16 Желтоқсан 2024
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

ТЖМ ұсынған мәліметтерге сай, 2024 жылғы 15 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 23:23-те жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 с.е. 76.910 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі Қонаев қаласында 3 балл болса, Алатау қаласында (Жетіген) 2 балды құраған.

Сол сияқты Күрті ауылында да 2 балдық жер сілкінісі сезілген. Тексеру нәтижелеріне сәйке,с әзірге зақымдану табылмаған.

«Қазіргі таңда аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты», — деп жазылған хабарламада.