Жарияланды: 290

Алматы облысында теледидардың жарылуы салдарынан балалар қаза тапты

Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Ақсу ауылында теледидардың жарылуы мен одан кейін болған өрт салдарынан екі бала - бес жасар Нұрбол мен 7 айлық Ерасыл қаза тапты.

Олар үйде жалғыз болған - анасы оларды сырттан кілттеп, шығып кеткен. Үйдегі өрт пен түтінді бірінші болып көршілері байқады, олар көмекке асығып, терезені сындырып үйге кіреді. Үйдегі өртеніп жатқан көрпелер мен жастықтарды өз күштерімен сөндіріп, балаларды сыртқа шығарды. Бірақ екі сәби де жан тапсырып үлгерді. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер олардың иіс тиіп өртену салдарынан көз жұмғанын айтты. Сарапшылардың пікірінше, өртке теледидардың жарылысы емес, кішкентай балалардың сіріңкемен ойнауы себеп болуы мүмкін. Бірақ бұл болжамдардың бірі ғана. Балалардың анасына медициналық көмек қажет болды. Енді оның үш баласының ішінен қайғылы оқиға кезінде далаға ойнауға шығып кеткен үш жасар Нұрбегі ғана қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін