ТЖМ мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында 18 қыркүйекте сағат 19.10-да белладонна гүлін тамаққа пайдаланғаннан кейін уланып қалған төрт бала ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі ауыр жағдайда, екеуі орташа ауыр жағдайда.
Белладонна (лат. Atropa belladonna) — аса улы өсімдік. Оның қошқыл күлгін түсті шиеге ұқсас гүлдері мен жемісі бар. Балалар 2-3 тал жемісінен де уланып қалады. Белладонна құрамында бірқатар алкалоидтар, соның ішінде атропин бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті