яғни оннан бірі ғана жөндеуден өткізілген.
Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің «Қазақстанның жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ 2010 жылы 33 көпірді зерттеген. Соның барысында тек үш қана көпірдің жағдайы қанағаттанарлық екені, ал қалған 30-ы апатты жағдайда тұрғаны анықталған.
Прокуратурадағылардың пікірінше, бұл мәселені кейінге ысыра беру — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті күн сайын арттыра түседі.