Алматы облысында тұратын Ұлы отан соғысының ардагерлері коммуналдық төлемдерге арналған дотация алады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында тұратын Ұлы отан соғысының ардагерлері коммуналдық төлемдерге арналған дотация алады

Алматы облысында тұратын Ұлы отан соғысының ардагерлері коммуналдық төлемдерге арналған дотация алады

2005-жылдың 1-наурызынан бастап жыл соңына дейін Алматы облысында тұратын 3 мыңнан астам Ұлы отан соғысының ардагерлері коммуналдық төлемдерге арналған ай сайынғы жәрдемақыға ие болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Бақытжамал Нұғманова хабарлады.

  • 28 Ақпан 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Ауылдық жерлер мен қалалардағы жеке меншік секторда тұратын ардагерлер үшін суық су, тоқ және газ төлеміне арналған шығындары өтеледі, деді Б.Нұғманова. Сонымен бірге , оларға көмір сатып алуға 3,5 мың теңге мөлшерінде бір реткі жәрдемақы бөлінеді. Қаладағы пәтерлерде тұратын ардагерлерге қаласына қарай түрлі дотациялар бөлінеді. Мәселен, Талдықорған тұрғындары үшін ай сайынғы дотация мөлшері 1738 теңге болса, Текелі тұрғындары үшін ол — 2063 теңге болмақ. Бұл қаржы қалалардағы қызмет тарифтеріне сәйкес анықталды, дейді Б.Нұғманова.

Қазіргі жағдаймен облыста Ұлы отан соғысының 1125 ардагері мен соғысқа қатысушы 1938 адам тұрады. Алматы облыстық бюджетінен бөлінетін жалпы дотация көлемі 44,1 млн. теңге болмақ.