Алматы облысында тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2005-2007-жылдарда 762,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде. Соның ішінде 24 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй, 170,5 мың шаршы метр тұрғын үй республикалық бюджеттен бөлінетін несие есебінен, 568 мың шаршы метр тұрғын үй жеке меншік құрылысшылар есебінен салынады.
Бағдарлама негізінен облыстың алты ауданында, Талдықорғанда, Қапшағайда және Алматы іргесіндегі төрт ауданда жүзеге асырылады.