Алматы облысында үйлерін су басқан әскерилер қаңғып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында үйлерін су басқан әскерилер қаңғып қалды

Алматы облысында үйлерін су басқан әскерилер қаңғып қалды

Алматы облысында әскерилердің үйін су басты! Бұған түнімен төпелеп жауған жаңбыр себеп. Төбеден сорғалаған су әуе шабуылына тойтарыс беру гарнизоны қызметкерлерінің ұйқысын бұзды. Тұрғындар бұл шырғалаңға әскери басшылықты кінәлауда. Айтуларынша, қара күзде құбырларды жаңалатуға кіріскен шенділер шатырларын да алдырып тастапты. Түні бойы жауын суымен арпалысқан жұрт енді бала-шағасымен далада жүр.        

  • 16 Қазан 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Түні бойы кірпік ілмей жауын суымен арпалысқан жұрт ашулы. Төбеден сорғалаған су бала бесігіне дейін бүлдіріп, бүкіл бөлмеге тараған.           

Сарахан Мирошниченко, зейнеткер:

Түнімен су тасығанымыз былай тұрсын төбеге жапсырғанымыздың бәрі түсіп қалды. Түнде бәріміз төбеге  шығып, пленкалар жауып жүгіріп жүгіріп жүрдік!

Дүние-мүлкі малмандай су болған тұрғындар енді төсек орынсыз да қалған. Көрпенің бәрі дымқыл тартып, тіпті кіреберіске дейін көлкілдеп жатыр. Ал үйдің өзі әуе күштеріне тиесілі екен. Жылу маусымын кеш бастаған басшылар күз құрғақ болады деп ойласа керек, әскерилер тұрған үйдің шатырын да жөндеуге кеш берген. 

Виктор Черепанов, зейнеткер:

Әскери міндетімізді абыроймен атқардық. Бейнеттің зейнетін көреміз бе дегенде, мынадай масқараға қалдық! Немеремізді алып түнде көрші жағалап кеттік! Мен өз денсаулығым үшін алаңдамаймын, ал мына сәби сыз тартқан үйде ауырып қалмай ма?

Ал құрылысшылар жауын тоқтағанда барып төбе көрсеткен. Оның өзін Қорғаныс министрлігіндегілер жіберіпті. Шатырды дереу жабуға бұйрық берген басшылар жұмыс бүгін-ертең бітеді деп уәде етті.        


Абай Жұмағұлов, ҚР Қорғаныс күштері әскерилерге пәтер беру Бас басқармасының бастығы:

-Пәтерлерді жөндеуге, әктеп, сырлауға көмектесеміз. Оған уәде береміз. Жергілікті әскери басшылыққа тапсырма берілді. Бүлінген тұрмыстық техникаларын да жаңадан сатып алып береміз.

Сөйтсе, әскери қалашықтағы шатырлар жазда жаппай ауыстырылуы тиіс болған екен. Оған бюджет есебінен бақандай 20 миллион теңге бөлініп те қойған. Тендерді сағыздай созған әскерилерден енді шетінен жауап алынбақ. 

Соңғы жаңалықтар