Жарияланды: 330

Алматы облысында ұлы өз анасын ұрып өлтірді

Алматы облысының Қаратал ауданында полиция мас күйінде өз анасын ұрып өлтірген ер адамды ұстады.

89 жастағы кейуана Үштөбе қаласының орталық ауруханасына күшті соққыдан болған ауыр дене жарақаттарымен түсті, дәрігерлердің айтуынша, оның бас-миына, бетіне және денесінің басқа да жерлеріне зақым келген. Медиктер егде әйелдің өмірі үшін үш күн бойы арпалысты, бірақ та оны құтқарып қала алмады. Қаратал АІІБ полицейлері ауыр дене жарақаттары адам өліміне әкеп соққан қылмыс жасады деген күдікпен 57 жастағы ер адамды ұстады. Қазірде ол айыбын мойнына алған жауаптарын берді. ҚР ҚК 3-бөлімі 103-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін