Н.Кантоның айтуынша, ВИЧ/СПИД-тің алдын алуға бағытталған үш жылдық бағдарлама Орталық Азиядағы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан республикаларында жүзеге асырылады. Бұл елдердің әрбіреуінде жобаны жүзеге асыру үшін бір облыс таңдалды. Қазақстанда бұл мақсатта Алматы облысы іріктелген.
Бағдарлама жезөкшелер, сотталғандар мен есірткіні инемен тұтынушы нашақорлармен жұмысқа бағытталған. Жобаны жүзеге асыру барысында ақпараттық материалдар таратылып, оқыту мақсатындағы семинарлар өткізіледі. ВИЧ/СПИД саласындағы сарапшылар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасады. Халықаралық «Шығыс-Батыс СПИД қоры» үкіметтік емес ұйымының аймақтық директоры айырбастау бөлімшелерін жаңа шприцтер мен контрацепциялық құралдармен қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді.
Үш жылдық бағдарламаны жүзеге асыруға Орталық Азия елдеріне 3,2 млн. евро бөлінді. Қаржыны Нидерланды үкіметі шығарып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 205-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен елімізде ВИЧ індетін жұқтырған 4696, СПИД-пен ауырған 231 адам ресми түрде тіркелді.